Өткен тәулікте 1243 адам вирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды

0
260

17 наурызда Қазақстанда 1186 адамнан коронавирус табылды. 57 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 8 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 18 наурыз таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (307), Алматы (318) қалалары және Қарағанды(100) облысында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 227 953 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 49 953 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 659 адам қайтыс болған. 45 614 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 19 871 адам (оның ішінде 3680 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 236 адамның жағдайы ауыр, 65 науқастың жағдайы өте ауыр. 39 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз