Коронавирустан жазылғандар саны 150 мыңнан асты

0
134

Қазақстанда өткен тәулікте 584 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, елде жалпы 150 427 адам індеттен емделді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

13 қаңтар таңертеңгі ақпаратта 766 адам вирус жұқтырып, 8 адам індеттен қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың саны 164 477 адамға, ал қайтыс болғандар саны 2377 адамға жетті.

Жалпы 23 мың 524 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 11 851 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 5 732 адам стационарда, ал 17 792 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 267 адамның жағдайы ауыр, 58 адамның жағдайы өте ауыр және 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 114
Алматы қаласы – 111
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 63
Ақтөбе облысы – 1
Алматы облысы – 61
Атырау облысы – 73
Шығыс Қазақстан облысы – 37
Жамбыл облысы – 10
Батыс Қазақстан облысы – 43
Қарағанды облысы – 39
Қостанай облысы – 75
Қызылорда облысы – 3
Маңғыстау облысы – 15
Павлодар облысы – 48
Солтүстік Қазақстан облысы – 54
Түркістан облысы – 8

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 58
Алматы қаласы – 56
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 82
Ақтөбе облысы – 13
Алматы облысы – 10
Атырау облысы – 65
Шығыс Қазақстан облысы – 33
Жамбыл облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 16
Қарағанды облысы – 38
Қостанай облысы – 47
Қызылорда облысы – 3
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 122
Солтүстік Қазақстан облысы – 21
Түркістан облысы – 3

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз