Коронавирустан жазылғандар саны 215 мыңға жақындады

0
201

Қазақстанда өткен тәулікте 971 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, елде жалпы 214 714 адам індеттен емделді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

26 наурыз таңертеңгі ақпаратта 1100 адам вирус жұқтырып, 11 адам індеттен қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың саны 237 300 адамға, ал қайтыс болғандар саны 2963 адамға жетті.

Жалпы 22 131 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 2508 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 6981 адам стационарда, ал 15 150 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 321 адамның жағдайы ауыр, 75 адамның жағдайы өте ауыр және 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз