Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 43 миллионнан асты

0
114

Әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 43 009 938 адамға жетті. Індеттен әлем бойынша 1 153 861 адам қайтыс болған. Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті хабарлады.

Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны бойынша 189 елдің ішінде бірінші орында тұрған АҚШ-та 8,6 миллион адам індет жұқтырған, 225,2 мың адам қайтыс болған. Екінші орында халқының 7,9 миллионы вирус жұқтырған Үндістан тұр. Мұнда 119 мыңнан астам адам қайтыс болған. Бразилияда 5,3 миллион адам вирус жұқтырған, қайтыс болғандар саны бойынша ел АҚШ-тан кейін екінші орында. Оңтүстік Америка елінде коронавирустан 157,1 мың адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз