Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

0
230
Нұр-Сұлтан қаласы.

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы астана әкімдігінің сайты хабарлады. 

Оқи отырыңыз: 1 наурыздан бастап “жасыл аймақтағы” барлық мешітте жұма намазы оқылады

Қаулыда карантин шараларын жеңілдету қарастырылған. Атап айтқанда, сауда және ойын-сауық орталықтары жексенбі күні де жұмыс істейді.

“Сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нен аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып ұйымдастырылады”, – делінген құжатта.

Сауда және ойын-сауық орталықтары жұмыс істесе де, ол жерде орналасқан аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, мұзды және роликті сырғанақтар мен ойын орталықтары жабық болады. Ал фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: Қаулының толық мәтіні

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз