Тайландта адамға үй жануарынан коронавирус жұғатыны дәлелденді

0
145
фото: Pixabay

Тайландта Сонгкл ханзада университетінің ғалымдары адамның үй жануарынан коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайын тіркеп, дәлел келтірді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Бангкокта болған. Бір отбасыдағы әкесі мен баласында коронавирус белгілері байқалып, олар ауруханаға жатқызылған. Ал үйдегі мысығын тексеру үшін ветеринарлық клиникаға жіберілген.

“Ветеринар мысықтан тексеруге жұғынды алған кезде, үй жануары дәрігерге қарай түшкіріп қалды. Мысықтың ПТР нәтижелері оң шықты. Мысықты тексергеннен кейін шамамен бір аптадан соң ветеринарда covid-19 белгілері, оның ішінде безгек пен жөтел пайда болды. Ветеринармен жақын байланыста болғандардың ешқайсысынан COVID-19 анықталмаған және ол үй жануарларының вирус жұқтырған иелерімен кездеспеген”, – делінген хабарламада.

Геномдық секвенирлеу кезінде мысықта және оның егелері мен ветеринарда вирустың бірдей нұсқасы байқалған. Сондай-ақ бұл штамм жергілікті тұрғындар арасында кең таралмаған. Осыны ескере отырып, ғалымдар науқастардың жұқтыру көздерінің әртүрлі болуы екіталай деген қорытындыға келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз