Өткен тәулікте 1053 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды

0
205

9 ақпанда Қазақстанда 1053 адамнан коронавирус табылды. 70 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 8 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 10 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысы (195) және Нұр-Сұлтан қаласында – 138 тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 198 086 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 48 388 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 587 адам қайтыс болған. 37 998 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 25 991 адам ( оның ішінде 9803 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 264 адамның жағдайы ауыр, 46 науқастың жағдайы өте ауыр. 45 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз