Өткен тәулікте 3,5 мың адам коронавирустан емделіп шықты

0
145

Қазақстанда өткен тәулікте 3575 адам коронавирус инфекциясынан жазылып, елде жалпы 323 816 адам індеттен емделді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

19 мамыр таңертеңгі ақпаратта 2018 адам вирус жұқтырып, жалпы жұқтырғандардың саны 364 048 адамға жеткен.

Бұдан бөлек елде 1 898 604 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 802 090 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз