Өткен тәулікте 7000-ға жуық адамнан коронавирус табылды

0
130

26 шілдеде Қазақстанда 6797 адамнан коронавирус табылды. 23 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 86 адам – коронавирустан, 24 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 27 шілде күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (1537) қаласында және Алматы (1207) қаласында тіркелген. Одан кейін Қарағанды (796), Атырау (480), ШҚО (333) облыстары және Шымкент (382) қаласы тұр. Қалған облыстарда бір күнде анықталған науқастар үш жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 542 703 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың 1 тамызына дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 1 жылға жуық уақыт ішінде 59694 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 3649 адам қайтыс болған. 54114 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 87 094 адам (оның ішінде 1931 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 1461 адамның жағдайы ауыр, 306 науқастың жағдайы өте ауыр. 182 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз