Өткен тәулікте 752 адам коронавирус жұқтырып, 12 адам қайтыс болды

0
201

10 наурызда Қазақстанда 752 адамнан коронавирус табылды. 48 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 9 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 11 наурыз таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (197) қаласында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 220 770 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 49 629 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 650 адам қайтыс болған. 44 358 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 18 432 адам (оның ішінде 4621 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 231 адамның жағдайы ауыр, 47 науқастың жағдайы өте ауыр. 37 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз