Өткен тәулікте 967 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды

0
159

Қазақстанда өткен тәулікте 967 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. 11 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда соңғы бірнеше аптада коронавирус жұқтырушылар саны азаюда. 14 маусым таңертеңгі ақпаратта 967 адам вирус жұқтырып, 811 адам індеттен жазылды. Ал, 11 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 402 239 адамға, жазылғандардың саны 377 642 адамға, ал қайтыс болғандар саны 4171 адамға жетті.

Барлығы 21 537 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде 1111 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 7075 адам стационарда, ал 14462 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 512 адамның жағдайы ауыр, 113 адамның жағдайы өте ауыр және 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Бұдан бөлек елде 2 506 157 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын ектірген. Ал екінші компонентін 1 384 029 адам ектірген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз