3500 жылдан астам тарихы бар шаһар табылды

0
74

ШҚО-ның Бесқарағай ауданының Жетіжар ауылы маңында ежелгі қаланың орны табылды. 

«Тарихы терең туған жер» ғылыми-тәжірибелік конференциясында павлодарлық археолог Виктор Мерц осындай жаңалықпен бөлісті.

Керекулік археологтың айтуынша, Бесқарағайдың Жетіжар өңірінде үлкен елді-мекен болған. Ол қола дәуіріне тиесілі. Демек, ауылдың тарихы мыңжылдықтардың қойнауында жатыр. Ежелгі протоқалашық тіпті оңтүстік-батыс Сібір аймағындағы ең үлкен археологиялық нысан болып есептеледі. Өйткені оның аумағы 100 гектардан асып жығылады. Осыған қарағанда бұл маңда айтулы дәуірдің астанасы орналасуы мүмкін деген болжам бар. 

Ғалым Жетіжар елдімекенін алдағы уақытта қайта жаңғыртып, ашық аспан астындағы мұражайға айналдыруға келетінін айтты. Осы арқылы қасиетті жердің туристік әлеуетін күшейтуге болады, дейді тарихшы.

Аltaynews.kz ақпаратына сүйенсек, көне шаһар Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жатады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз