Аламан айтыс мәреге жетті

0
91

Ұлттық арна эфирінде 6 айға созылған “Жүрсіннің жүйріктері” айтысы аяқталды. 20 ақынның арасынан суырылып шыққан Ержан Әміров 3-орынды, Рүстем Қайыртай 2-орынды, Дидар Қамиев 1-орынды иеленсе, Мұxтар Ниязов бас жүлдеге лайық деп танылды.

Деңгейі “Алтын домбыра” айтысынан кем түспейтін додаға ең таңдаулы ақындар қатысты.  Жеңгені ғана келесі айналымға өтіп, жеңілгені қалып отырды. Жұптар тосын тақырыптар алып, пародия жасап, суырып салмалық қасиеттері бойынша сынға түсті. Финалистер 5 кезеңді артқа тастап, ақтық сынға жолдама алды. Кімнің қай кезеңнен қалай өткеніне апта сайын теледидардан тамашалап отыратын қалың көрермен куә. Финалда айтысқан Рүстем Қайыртайұлы, Ержан Әміров, Дидар Қамиев, Мұxтар Ниязов секілді азулы ақындар сүбелі сөздің нағыз үлгісін көрсетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз