Алаш арыстарының танымал еңбектері қайта басылып шықты

0
569
"Сенімен болашақ" бірлестігі қайта басып шығарған Алаш арыстарының еңбектері таныстырылды.

28 мамыр күні М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде “Сенімен Болашақ” республикалық қоғамдық бірлестігі “Ұрпақ тәрбиесі: өткені мен бүгіні” атты дөңгелек үстел өткізді. Жиында “Асыл мұра” сериясы бойынша жарық көген еңбектер таныстырылды.

Жиынға мемлекет қайраткерлері және мектеп ұстаздары қатысты.

“Технологияның қарқынды дамуымен бүкіл әлем өзгеріп отыр. Біз де бұл көштен қалмауымыз керек. Себебі болашақ жастарға байланысты, ал жастарды жақсы жаққа үйретіп,тәрбиелеу ол бізге байланысты.  Өткен ғасырларда саяси құрбандықтан өткен алаш зиялылары көптеген әділетсіздік көрді. Сондықтан біз әділдікті негізге алып отырып, алдағы уақытта өтетін референдумда өз ойымызды білдерітн боламыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бізге жеткізген ұстанымы бойынша “Біз қандай ұрпақ тәрбиелейміз?” осы сұраққа жауап отансүйгіш бала тәрбиелеу керекпіз. Ұлттық идеологияны дұрыс қалыптастыра білу керек”, – деді Қазақстан президентінің кеңісшісі Мәлік Отарбаев.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Алаш арыстарының жастарға қалдырған еңбектерін таныстыру. Айта кету керек, бұл кітаптар “Сенімен Болашақ” республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 2 аптада дайындалған.

Жиын соныңда елге белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлеріне естелікке сыйлықтарын тарту етіп, қатысушыларға Мағжан Жұмабаевтың “Педагогика”, Ахмет Байтұрсынұлының “Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін”, Міржақып Дұлатұлының “Оян,қазақ!” еңбектері тегін таратылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз