Астанада ұлттық спорт түрлерінің жүлдегерлері марапатталды

0
77

Астанада, ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.

Жиынға мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ депутаттар мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты.

Салтанатты кешке Қазақстанның барлық аймақтарынан спорт федерация басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанкүйерлері де жиналды.

Қонақтарға садақ ату, асық ату және тоғызқұмалақтан шеберлік сабақтары ұсынылып, қатысушылар өз күштері мен шеберліктерін сынға салды. Көпшілікке тәтті тағамдармен бірге, бауырсақтар да ұсынылды. Қонақтарды, әсіресе қымыздан жасалған субұрқақ таң қалдырды.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөзін мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оқыды.

ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов
мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов

Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов жүлде иегерлерін құттықтап, ел тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті.

«2024 жылы біз барша қазақстандықтарды салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметпен бірге ұлттық спорт түрлерімен белсенді айналысуға шақырамыз. Президент бастамасымен келесі жылы Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осындай шаралардың арқасында елімізде ұлттық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді. Біздің қауымдастық өз тарапымыздан ұлттық спорт түрлерін дамытып, кеңінен насихаттауды жалғастыра береді», – деп атап өтті Исламбек Салжанов.

2023 жылы он номинация бойынша «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері атанды:

  • «Тоғызқұмалақ» номинациясы бойынша — Жанат Каймульдин;
  • «Бәйге» номинациясы бойынша — Бекзат Ділдахан мен Еділ Таймерденов;
  • «Құсбегі» номинациясы бойынша — Кунтуған Арманбек;
  • «Көкпар» номинациясы бойынша «Әулие ата» командасы;
  • «Аударыспақ» номинациясы бойынша — Сайлау Мұхаметжанов;
  • «Жамбы ату» номинациясы бойынша — Бексауыт Батыр;
  • «Теңге ілу» номинациясы бойынша — Бекнұр Серіков;
  • «Дәстүрлі садақ ату» номинациясы бойынша — Аяулым Аппазова;
  • «Асық ату» номинациясы бойынша — Палодар облыстық құрамасы;
  • «JORYQ» номинациясы бойынша — Жетісу облысы командасы;

Сондай-ақ салтанатты марапаттау кеші барысында ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушыларға марапаттар берілді. Олар:

  • «Тоғызқұмалақ» бойынша Аға жаттықтырушы — Арыстан Қапаев;
  • «Бәйге» жаттықтырушысы — Мұрат Досбергенов;
  • «Құсбегі» бойынша Аға жаттықтырушы —Жомарт Кеуенов.
  • «Көкпар» бойынша Аға жаттықтырушы —Есжан Құрманбай;
  • «Аударыспақ» бойынша Бас жаттықтырушы —Жанбатыр Бекмұсаев;
  • «Жамбы ату» бойынша Аға жаттықтырушы — Ербұлан Бекбосынов;
  • «Теңге ілу» бойынша Аға жаттықтырушы — Ақтілек Сәрсенов;
  • «Дәстүрлі садақ ату» бойынша Бас жаттықтырушы —Диас Ахметов;
  • «Асық ату» бойынша бас тренер— Қуан Қалибек.

Сонымен қатар, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Танысбай ұлттық спорт түрлерін дамытуға ақпараттық қолдау көрсетіп, «Мергендер мекені» тележобасын жүзеге асырғаны үшін «Алтын тұғыр» сыйлығының лауреаты атанды.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 10 федерация кіреді, оның ішінде «Тоғызқұмалақ», «Бәйге», «Құсбегі», «Көкпар», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Дәстүрлі садақ ату», «Асық ату» және «JORYQ ат спорты» федерациялары бар.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Қауымдастық алғаш рет Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлерін дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Ұлттық спорт түрлері бойынша кадрлар даярлаудың арнайы оқу бағдарламалары әзірленіп, «Ұлттық спорттың жоғары мектебі» құрылады.

Айта кетелік, жыл сайынғы «Алтын тұғыр» сыйлығы ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мақсатында тағайындалды.

Іс-шараны Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды. 2022 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіпкер және меценат Исламбек Салжанов Қауымдастық Президенті болып тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз