Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сеитов Шанхай кинофестивалінен жүлде алды

0
52
фото: ins/aisultan

Режиссер Айсұлтан Сеитов, 25-ші Шахнхай халықаралық кинофестивалінде, дебюттік картинасы «ҚАШ» арқылы «үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі Zakonға сілтеме жасап.

“ҚАШ” фильмі, бұл фестивалде бірден үш номинация бойынша жарысқа түскен еді.

Asian New Talent:

  • Best Film — Aisultan Seitov
  • Best Director — Aisultan Seitov
  • Best Script Writer —Ablay Nurmanbetov

“ҚАШ” фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталды. Бұл Айсұлтан Сеитовтың, алғашқы толық метражды шығармашылығы. Фильм, 2022 жылы Қазақстанда толық прокатқа шықты. Фильмді көрермендердің ықыласына бөленіп, тіпті қазақстандық киносыншылардың бірқатар марапаттарын жеңіп алды.

Картинада, 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясы, екі ағайындының өмірі арқылы баяндалған.

Шанхай кинофестивалі – кең халықаралық бағдарламасы бар Қытайдың ең ірі іс-шараларының бірі. Фестиваль, 9-18 маусымы аралығында өтуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз