Қарағандыдағы әйелдер түрмесінде 3 кг “мегабауырсақ” әзірленді

0
403

Қарағанды облысы, ҚАЖД АК-159/20 мекемесінің қызметкерлері мен сотталғандары бірігіп, наурыз мейрамы қарсаңында “мегабауырсақ” әзірледі. Бұл туралы polisia.kz сайты хабарлады.

Үлкен бауырсақты жасау идеясы жазасын өтеуші әйелдер тарапынан келген. Бұл идеяны түрме басшылығы мен жеке құрамы қолдап, дайындау үшін барлық қажетті ингредиенттермен қамтамасыз еткен.

Рекорд жасаған бауырсақтың диаметрі 120 сантиметр, ал салмағы 3 келіден асады.

“”Мегабауырсақтың” қамырын илеу үшін 8 келі ұн, 80 грамм ашытпа, 10 литр күнбағыс майы, тұз және су қолданылды”, – деді АК-159/20 мекемесінде жазасын өтеуші Айтқұлова Әйгерім.

Көлемді бауырсақты жасау үшін біраз қиындық болған. Ыстық майға салынған қамырдың тек сырты ғана пісіп, іші шикі болып қала берген. Дәл осылай 4 рет сәтсіз шыққаннан кейін, әйелдер әзірлеу әдісіне өзгеріс енгізген. Қамырды жұқа қылып илеп, оны метал ыдысқа жайып, үстіне қайнаған майды құйған. Осылайша “Мегабауырсақ” екі жағынанда пісіп, әрі ортасы ауаға толы болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз