ХХІ ғасырдың ең үздік әндері жарияланды

0
140
дереккөзден

Rolling Stone басылымы ХХІ ғасырдағы үздік деп танылған 100 әннің тізімін жариялады. Бұл туралы Лента хабарлайды.

ХХІ ғасырдағы ең үздік ән қатарында көш бастаған танымал америкалық әнші Бейонсенің Crazy in Love әні. Аталған ән 2003 жылы Бейонсенің дебютті альбомы Dangerously in Love жарық көрді.

Екінші орында M.I.A.есімді британдық әншінің Paper Planes әні. ХХІ ғасырдағы үздік әндердің үштігін The White Stripes тобының Seven Nation Army әні түйіндеді.

Үздік әндердің алғашқы жиырмалығына Джей-Зидің 99 problems, Канье Уэсттың Runaway әні, Кендрик Ламардың Alright, Бритни Спирстың Toxic, Gnarls Barkley дуэтының Crazy әні, Мисси Эллиоттың Мисси Эллиотт әні, Эми Уайнхаустың Rehab және Дэвид Боуидың Blackstar әні енді.

Ең соңғы жүзінші орынға пуэрто-рикалық әнші Дэдди Янкидың Gasolina әні табан тіреді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз