“Ұлы Дала” театры Брюссельде өнер көрсетті

0
118
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

 Брюссель қаласында Республикалық академиялық Неміс театры, «Astana Musical» театры, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

«Ұлы Дала Театрының» гастрольдік сапарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен, Еуропаның бес астанасында – Париж, Берлин, Бельгия, Вена және Мәскеуде өткізіп жатыр. Қазақстандық шығармашылық ұжым қазақ және әлем жауһарлары болып саналатын үздік музыкалық шығармаларды танытты. Атап айтқанда «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің сүйемелденумен «Astana Musical» театрының «Қыз Жібек» қойылымы, Неміс театрының қойылымындағы «Қарагөз» туындысы сахналанды. Сыншылардың пікірінше, «Қарагөздің» жаңа қойылымы классика жанрын сүйетін көрермен мен жалпы өнерді бағалайтын жұртшылыққа ерекше әсер етті.

Өз кезегінде Жас қазақ театры  этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын сахналады.

«Astana Musical» театрының көркемдік жетекшісі Асхат Маемировтың айтуынша, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы қазақстандық шығармашылық жобалар мен қазақстандық ұжымдардың жаңа идеяларына тың серпін береді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз