Мәдениет қайраткерлері “Евровидение” байқауының Израильде өтуіне қарсы

0
94
дереккөзден

Әлемнің әр түкпірінен, соның ішінде Еуропадан мәдениет және өнер саласының 140 өкілі “Евровидение” байқауын ұйымдастырушыларға хат жолдаған. Мәдениет өкілдері Израильді аталған халықаралық ән байқауын өткізу құқығынан айыруды талап еткен.

Британдық Guardian басылымында жарияланған музыканттар, жазушылар, актерлер мен режиссерлер жолдаған үндеуде “Израиль билігінің бірнеше ондаған жылдары бойы палестиналықтардың адам құқығын аяққа таптауын доғармайтын болса, “Евровидение” ән байқауы Израильде өтетінін ескеріп, оған бойкот жариялау қажет “, – делінген. Байқау ұйымдастырушыларына жолданған үндеуге Pink Floyd  рок тобын құрушы Роджер Уотерс, британдық сазгер және продюсер Брайан Ино, дат режиссеры Нильс Вест, байқаудың бұрынғы бірнеше қатысушысы мен 1994 жылғы “Евровидение” жеңімпазы Чарльз Макгеттиган қол қойған.

Үндеуде аталғандай, Израильдің “Евровидениедегі” жеңісінен бірнеше күн өткеннен кейін яғни “14 мамырда израиль әскері Газа секторында наразылыққа шыққан қару-жарақсыз 62 палестиналықты өлтірген, соның ішінде алты бала, жүздеген адам жарақат алған”. Мәдениет және өнер қайраткерлері “Израильде алдағы уақытта өткізілетін байқауды адам құқығы мейлінше аз бұзылатын елде өткізу қажет”,- деп есептейді.

Осы жылы өткен “Евровидения” байқауында израильдік әнші Нетта Барзилай “Ойыншық” әнімен жеңіске жетіп, кезекті байқауды өткізу Израильге бұйырған еді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз