Митхун Чакраборти Шымкентте киноға түспек

0
68
дереккөзден
Әйгілі Голливуд және Болливуд жұлдызы Митхун Чакраборти сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысына үнді фильмінің түсіріліміне келеді. Актер сонымен қоса отандық жобаларға да қатысады.
Еуразиялық кинофестиваль директоры Мира Қарсақпаеваның мәлімдеуінше Үндістанның ең танымал әрі ең қымбат актері Митхун Чакрабортидің қатысуымен сәуір айында Шымкентте үнді фильмі түсіріледі.

«Біз сәуірде фильм түсіреміз, Чакрабортидің қатысуымен таза үнді фильмі. Үлкен қамал соғамыз және фильмнің Шымкентте түсірілгені барлық жерде айтылады. Ол тарихи лентаның құрылымына қатысады»,

дейді Мира Қарсақпаева.
Митхун Чакраборти (Гауранга Чакраборти) 1950 жылдың 16 маусымында Пәкістанның шығысындағы Барисал қаласында дүниеге келген. Ол бүгінге дейін 350-ден астам фильмге түскен Үндістанның ең танымал және ең жоғары ақы төленетін актерлердің бірі болып есептелінеді.
Митхун Чакраборти актерлік мансабын студент кезінде «Екі бейтаныс адам» фильміне эпизодтық рөлді ойнаудан бастаған.
Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз