“Оралман” көркем фильмі “Тұлпар” киножүлдесіне лайық деп танылды

0
129

Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы түсірген “Оралман” көркем фильмі ұлттық “Тұлпар” киножүлдесінің алты аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Бұл туралы киностудияның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық кинематография академиясының барлық мүшесі қатысқан жабық дауыс беру қорытындысы бойынша, “Оралман” картинасы үздік фильм деп танылды. Фильмнің режиссері Сәбит Құрманбеков үздік режиссер, ал басты рөлді сомдаған Дулыға Ақмолда үздік актер атанды.

Дулыға Ақмолда

Сонымен қатар “Үздік сценарий” аталымы бойынша фильмнің сценарий авторлары Нұрлан Санжар мен Сәбит Құрманбеков марапатталды. “Үздік суретші” жүлдесі фильмнің қоюшы суретшісі Рустам Одинаевқа табысталса, “Үздік композитор» жүлдесі “Оралман” фильмінің музыкасын жазған Айдос Сағатовқа бұйырды.

“Тұлпар” киножүлдесі кинематографияның және отандық киноның дамуына көрнекті үлес қосқан жетістіктер үшін берілетін кәсіби марапат саналады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз