«Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы – Құралай Мейрамбек

0
275
фото: Qazaqstan tv

«Qazaqstan» телеарнасында «Qazaqstan дауысы» жобасы мәресіне жетіп, нәтижесінде қызылордалық Құралай Мейрамбек жеңімпаз атанды.

Үздіктердің үздігі іріктелген жобаның соңғы шығарылымында финалистер тікелей эфирде 2 ән шырқады. Әр үміткер бір әнді жеке, бірін тәлімгерлерімен бірге орындады. Яғни ақтық сында тәлімгерлер де бір-бірімен бәсекеге түсті. Ал жобаның жеңімпазы көрерменнің дауысы арқылы анықталды.

SMS-дауыс беру нәтижесі бойынша:

1-орын – Құралай Мейрамбек

2-орын – Ерік Төленов

3-орын – Ернар Амандық

4-орын – Аружан Айдарбек

Сәкен Майғазиевтің шәкірті, қыз балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейінің түлегі Құралай «Qazaqstan дауысы» жобасының 2021 жылғы жеңімпазы атанып, 5 миллион теңге иеленді.

Жалпы, «Көрмей таңдау» кезеңіне 100 шақты үміткер өтті. Одан соң қатысушылар «Жекпе-жек», «Жарға жығу», тікелей эфирдегі кезеңдерінде бақ сынап, финалға 4 тәлімгердің 4 үздік шәкірті жолдама алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз