Түркия телеарнасы “Абай” сериалын көрсетеді

0
198

Тәуелсіздік күнінде ұлттық арнадан көрсетілген тарихи “Абай” сериалын TRT AVAZ түрік телеарнасы көрсетеді. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.

Qazaqstan телеарнасы TRT AVAZ арнасымен жобаны сату жөнінде келісімге келген. Бұдан бөлек туынды орыс және ағылшын тілдеріне аударылады.

6 сериядан тұратын туынды, Мұхтар Әуезовтың “Абай жолы” романы негізінде түсірілген. “Абай” сериалы ақынның 175 жылдығына орай түсірілген.

Туындыда сол кезеңдегі тарихи шындық, қоғамдық-саяси жағдай, Абайдың болыс болған шағындағы қазақ өмірінде орын алған тарихи оқиғалар көркемдік сипатпен көрініс табады.

Басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбділманов сомдады. Жоба режиссері – Мұрат Бидосов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз