Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтады.
“Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын” – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.
Амал мерекесі құтты болсын! pic.twitter.com/iGGu6Q3pE8
— President Kassym-Jomart Tokayev's Press Office (@aqorda_press) March 14, 2023