Биыл қазақстандықтарға YouTube Premium қолжетімді болады

0
134
фото: Engadget

YouTube өкілдері биылғы жылы Қазақстанда YouTube Premium іске қосылатынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Цифрлық даму министрі Бағдат Мусинге сілтеме жасап.

“Кремний алқабында YouTube компаниясының өнімді басқару жөніндегі вице-президенті Адам Смитпен келіссөздер жүргіздім. Ынтымақтастық перспективалары мен компанияның Қазақстандағы түрлі сервистеріне қолжетімділікті кеңейту мәселесі талқыланды“, – деп жариялаған Бағдат Мусин.

Premium-ге өту, Қазақстанда бұрын қол жетімді болмаған YouTube сервистеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

“Premium-аккаунт иелері видеоларды жарнамасыз көре алады және оларды жүктеп алып, Интернетсіз де қарай алады және т. б. мүмкіншіліктер бар”– деп атап өтті министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз