Мамандығым-болашағым

0
3
фото: google

«Болашақта кім боласың?» деген сұрақты әр адам бала кезінен естіп өседі. Ол кезде бұл сұраққа жауап беру оңай көрінгенімен, уақыт өте келе мамандық таңдаудың үлкен жауапкершілік екенін түсіне бастаймыз. Өйткені мамандық – тек жұмыс емес, адамның өмір салты мен болашағын айқындайтын маңызды шешім. Сондықтан мамандық туралы ой бөлісуді жөн көрдім. Менің ойымша, адам өзіне ұнайтын істі таңдағанда ғана сол салада биік жетістіктерге жете алады.

Менің таңдауым – журналистика. Бұл мамандықтың маған ұнайтын тұсы – оның бір орында тұрмайтындығы. Журналист әр күн сайын жаңа адамдармен танысып, түрлі оқиғалардың ортасында жүреді, қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, халыққа шынайы ақпарат жеткізуге тырысады. Маған осы мамандықтың үнемі қозғалыста жүретіні және үлкен жауапкершілікті талап ететіні ұнайды. Әрине, жақсы журналист болу үшін тек білім жеткіліксіз. Ол үшін сауатты сөйлеу, ойын анық жеткізу, суырыпсалма болу, адамдарды тыңдай білу және әділдіктен айнымау өте маңызды. Болашақта өзімді адамдардың сеніміне ие болған, сөзіне жауап беретін әрі қоғамға пайдасы тиетін журналист ретінде елестетемін.

Мен үшін мамандық – диплом алу ғана емес, өз орныңды табу. Сондықтан журналистика саласында сапалы білім алып, тәжірибе жинап, өзімді үнемі дамытқым келеді. Алдағы уақытта өз ісімді жақсы меңгеріп, халықтың сеніміне ие болатын журналист болғым келеді. Егер еңбегім арқылы адамдарға пайдалы болып, қоғамға аз да болса үлес қоса алсам, сол мен үшін үлкен жетістік.

Абдурахим Орынтай, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз