Синдзо Абэ және Дональд Трамп Солтүстік Кореядағы мәселенің әскери шешішімін табуға келісті.
Бұл туралы екі ел мемлекет өкілі Токиодағы бірлескен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Washington Post.
«Стратегиялық шыдамның дәуірі аяқталды», – деп мәлімдеген Трамп КХДР-дың ядролық бағдарламасын «өркениетті әлем мен халықаралық тұрақтылыққа төнген қауіп» , –деп атады.
Дональд Трамп Вашингтон енді КХДР-дың арандатушылық әрекеттеріне төзбейтініне уәде берді.
«Тыйым салынған ядролық сынақтар өткізу, бейбіт тұрғындарға қауіп төндіретін Жапония арқылы ұшатын зымырандар ұшыру… АҚШ Солтүстік Кореяның мұндай әрекеттеріне енді төзбейді», – деп мәлімдеді Д. Трамп.
Оның айтуынша, Вашингтон мен Токио «Солтүстік Корея режимінің қауіпті агрессиясына қарсы тұру» мақсатында тығыз қарым-қатынас құрады.
Дональд Трамп Токио үкіметіне АҚШ-тан КХДР-дың өршіп келе жатқан қаупінен қорғану үшін қару сатып алуды ұсынғанын айтты. Трамптың сөзінше, мұндай қадам Жапонияның өзін қорғауына және КХДР-дан ұшқан зымырандарды құлатуына көмек береді. Абэ қажеттілік туындаса, мұны істейтінін айтты, деп хабарлайды Reuters.
«Солтүстік Кореяға мейлінше қысым жасау керек», – деп келтіреді Жапония премьерінің сөзін Kyodo News.
Сабина Сайлаубай