Алматыда ІІ Республикалық әкелер форумы өтті

0
75

20 қазан Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Алматы қаласының әкімдігімен және «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып II Республикалық әкелер форумын өткізді.

Форумда отбасы институтын және отбасылық тәрбиедегі әкенің рөлін нығайту, «Рухани Жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту аясында балалардың патриоттық сезімін қалыптастыруға, білімге ұмтылысты өсіруге қоғамның назарын аудару мәселелері талқыланды.

Форумның жұмысына парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық қайраткерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар үлгілі әкелер – барлық өңірден келген делегаттар қатысты.

Қазақстанда 70 белсенді әкелердің күшімен «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Одақ отбасын нығайту бойынша тәжірибелік шараларды іске асыртын болады.

Сондай-ақ форум аясында қатысушылар «Ресей Федерациясының әкелер одағы» аймақаралық қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Юрий Соленовтің ұсынған жұмыс тәжірибесімен танысты.

Іс-шараның соңында үздік үлгілі әкелерге Ұлттық комиссияның атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз