19 қазанда Франция елінің астанасы Париждегі «Club L’Etoile» кинотеатрында «Әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын таныстыру аясында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир продакшн» ЖШС-сімен бірлесе отырып түсірген «Анаға апарар жол» фильмі көрсетілді, деп мәлімдейді 24kz.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұсынылған шара «Әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты арнайы халықаралық жоба қазақ халқының дәстүрлі мәдени мұрасын және Қазақстанның заманауи өнерінің үздік жетістіктерін әлемдік қоғамдастыққа таныстырды.
«Анаға апарар жол» фильмінде өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың зардабын көрген басты кейіпкердің тағдырын суреттейді.
Ақан Сатаев режиссерлік ете отырып түсірілген бұл филмді француз көрермендеріне ананың рөлін сомдаған актриса Алтынай Нөгербек таныстырды.
Жадыра Аманбайқызы