АҚШ Ауғанстанға қосымша әскер жібермек

0
129

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Ауғанстанға 3 мыңнан астам әскер жіберетіндігі жайында мәлімдеме жасалды. Бұл туралы “Америка дауысы” ақпараттық порталы хабарлайды.

Пентагонда өткен брифинг барысында АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис жиылған журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ауғанстанға әскер жіберліетіні жайында мәлімдеме жасаған қорғаныс министрі 3 мыңнан астам сарбаздың жорыққа шығатынын атап өтіп, әскери құпияға байланысты нақты санын беруден бас тартты.

«Шынымды айтсам, мен соңғы бұйрықтарға әлі қол қойған жоқпын» деген Мэттис әскерлердің басым бөлігінің жолда екенін, қалған бөлігіне әне-міне дегенше бұйрықтың жететінін айтты.

Тауяда АҚШ-тың Ауғанстандағы командалық штабы елдегі жағдайды “тығырыққа тірелу” деп бағалап, қосымша әскер сұратқан еді.

Осыдан 16 жыл бұрын 11 қыркүйекте болған ланкестік оқиғадан кейін АҚШ Ауғанстанға «Талибан» мен «Әл-Каида» террорлық ұйымына қатысы бар басшылықты құлату үшін кірген болатын. Ауғанстанға қосымша әскердің жіберілуі АҚШ Президенті Дональд Трамптың қақтығысты шешу жолдары туралы ойын өзгерткенін білдіреді. Өткен жылы сайланған Трамп аймақтан америкалық әскерлерді толықтай шығаратынын мәлімдеген болатын. Бүгінге дейін Ауғанстанда 9 мың 800 американ әскері қатарындағы сарбаз бен 26 мың жалдамалы әскер өз миссиясын орындап жүрген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз