2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында спортшылар допингке қарсы заңнаманы үш және одан да көп рет бұзған ауыр атлетикада тоғыз команданың жыл бойғы шеттетілуі күшіне енді деп хабарлайды sports.kz Iwf.net-ке сілтеме көрсетіп.
Қазақстан құрамасы да солардың қатарында. Әрбір федерация аталған шешімге 21 күн ішінде шағымдана алады.
Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қытай, Молдова, Ресей, Түркия және Украина командаларында үш немесе одан да көп заңнама бұзушылық анықталды. Осы командалардың барлығы дерлік Қазақстанмен қатар ауыр атлетикада жетекші орынға ие.
Атап өтерлігі, 2016 жылдың қараша айының соңында Халықаралық олимпиада комитеті қазақстандық ауыр атлет Илья Ильинді допингтік сынақтарды қайта тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылғаннан кейін 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медальдарынан айырды.
Сондай-ақ қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло және Майя Манеза Олимпиада ойындарындағы алтын медальдарынан айрылды, әр түрлі мерзімге жарыстардан шеттетілді.
Сабина Сайлаубай