Қазақстан және Өзбекстан басшылары құттықтау жеделхаттарымен алмасты

0
79
Ақорда

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына байланысты екі мемлекет басшылары құттықтау жеделхаттарымен алмасты. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеделхатында қысқа тарихи кезеңде екі ел арасындағы ынтымақтастықта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгені аталады.

«Қазіргі уақытта Қазақстан, Өзбекстан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп, бүкіл Орталық Азия өңірін одан әрі дамытуға кепілдік беретін берік негіз қалыптастыруда. Біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде осы жылы сіздің Астанаға және менің Ташкентке жасаған сапарым үлес қосты. Олардың нәтижелері біздің қатынастарымыздың көкжиегін айтарлықтай кеңейтіп, біздің күн тәртібімізде жаңа басымдықтарды анықтады»,

– деп мәлімделеді Қазақстан басшысының жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жемісті стратегиялық әріптестік келешекте біздің халықтарымыздың игілігі үшін достық пен келісімде ғасырлар бойы серпінді дамуын жалғастыратынына» деген сенімділігін жеткізді.

Өз кезегінде Өзбекстан басшысының жеделхатында

«Биылғы жылы жемісті кездесулер мен жоғары деңгейдегі келіссөздер өзбек-қазақстандық қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге, нақты практикалық мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік берді. Табысты және жемісті ынтымақтастықтың қазіргі деңгейі бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан  халықтарының мүдделеріне толығымен жауап береді, Орталық Азияның бүкіл аймағында тұрақтылық пен прогреске ықпал етеді»,

– деп мәлімделеді.

Өзбекстан басшысы «халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде, жан-жақты өзара іс-қимылды белсенді түрде кеңейтіп, тереңдете түсуге» ниетті екенін, «Бұл біздің елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы достық, тату көршілік пен әріптестікті дәйекті түрде нығайтуға септігін тигізетіндігін»  атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз