Қазақстанда машина жасаушылардың V форумы басталды

0
99

Бүгін Астанада Қазақстан машина жасаушыларының форумы басталды. Бесінші мәрте өтіп жатқан жиынға 40 елден 800-ден астам делегат келді.

Қазіргі уақытта «Hilton Garden Inn» қонақ үйінде мұнай-газ ісі, металлургия өнеркәсібі машина жасау технологиясы, агротехника, автомобиль өнеркәсібі, электротехника, тау-кен және металлургиялық машина жасау, теміржол көлігі, индустрия 4.0, «Өнімділік 2020» конференциясы, қорғаныс және оптикалық электроника бағыттары бойынша секциялық кездесулер ұйымдастырылуда.

Секциялық отырыстардың жұмысында қатысушылар отандық машина жасау саласының одан әрі даму үшін тиімді практикалық ұсыныстар жасады.

Мұнай-газ саласы үшін машина жасау бағытында өнім жеткізу көлемін ұлғайту және халықаралық мұнай-газ саласы үшін машина жасау салаларымен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Тау-кен және металлургия саласында кездесулер ашық пікірталас форматында өткізілсе, теміржол машина жасау бөлімінде даму мәселелері талқыға салынды.

Қазақстандық индустрияны дамыту институты отандық машина жасау кәсіпорындары арасында зерттеулер жүргізу үшін Германиядан Фраунгофер институты өкілдерін арнайы шақырылған болатын. Жүргізілген зерттеудiң алдын-ала нәтижелерi талқыланып, машина жасаушылардың V форумында жарияланады.

Сонымен қатар, форумның алғашқы күнінде Nokia-робот компаниясының таныстырылымы өтті. Қатысушылар еліміздің жоғары технологиялық және инновациялық әлеуетін арттыру үшін пайдалы пікірлері және кеңестерімен бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз