Қазақстандықтар мұражайлар мен театрларға тегін бара алады

0
99
ашық дереккөзден алынды

Енді қазақстандықтар әр айдың үшінші жексенбісінде мұражайлар мен қорықтарды тегін тамашалай алады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығында айтылады деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатта сондай-ақ Халықаралық театр күнінде, Балаларды қорғау күнінде, Білім күнінде, Тәуелсіздік күнінде барлық санаттағы азаматтар үшін, ал оқушыларға оқу демалысы (каникул) кезінде театрға тегін кіру мүмкін болады.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағындағы келесі мәдениет мекемелеріне тегін қолжетімділікті қамтамасыз ету:

1)      мұражайлар, мұражай-қорықтар – азаматтардың барлық санаттары үшін әр айдың үшінші жексенбісі, мектеп оқушылары үшін оқу демалысы кезінде;

2)      Театрларға Халықаралық театр күні, Балаларды қорғау күні, Білім күні, Тәуелсіздік күні барлық санаттағы азаматтар үшін тегін, оқушылар үшін оқу демалысы уақытында», – деп мәлімделеді Министрдің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 142 «Об обеспечении бесплатного доступа в организации культуры» бұйрығында.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз