Депутаттар мен полиция қызметкерлерінің еңбек ақысы көтеріледі

0
79

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017 жылы Қарулы Күштердің құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен депутаттардың жалақыларын арттыру үшін 33,1 млрд. теңге бөлінетін болады, деп мәлімдегенін хабарлайды  Tengrinews.kz порталы.

Министр өз баяндамасында 2017 жылы республикалық бюджеттің шығыстары 11 триллион 191,5 миллиард теңгені құрайтынын атап өтті, бұл көрсетілген жоспардан 15,1 миллиард теңгеге артық.

Сұлтанов Үкімет отырысында «Бюджеттің шығыс бөлігіндегі өзгерістер екі блокта жүргізілді: біріншісі – Мемлекет басшысының бастамалары мен тапсырмаларын және еліміздің халықаралық міндеттемелерін 89,4 млрд. теңгеге мемлекеттік резервтің төмендеуіне және кірістердің артуына байланысты жүзеге асыру. Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің жалақысын көтеру, депутаттарға 33,1 млрд. теңге қарастырылған », – деп мәлімдеді.

Бұдан дейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап полицейлерге жалақының 25 пайызға артуыды тапсырған болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз