Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президентімен телефон арқылы тілдесті

0
103

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Сабина Сайлаубай

сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз