ҚР Президенті қару-жарақ саудасына байланысты құжатқа қол қойды

0
98

Мемлекет басшысы «Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

2013 жылғы 2 сәуірде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының жалпы отырысы барысында 154 мемлекет Қару саудасы туралы шарттың мәтінін қабылдауға дауыс берген болатын.

«Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы» шарт 2014 жылғы 24 желтоқсанда күшіне енгізілді.

Аталған шарттың негізгі  мақсаты, қару-жарақты тасымалдауға арналған бақылауды белгілеу және күшейту, соның ішінде олардың халықаралық саудасын реттеудің жалпы халықаралық стандарттарын белгілеу және жетілдіру, ұлттық бақылау жүйелерін құру, кәдімгі қару-жарақтың экспорты мен импорты туралы ақпаратқа басқа қатысушы мемлекеттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, олардың заңсыз қайта бағытталуын болдырмау болып табылады.

Сондай-ақ шарт «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңы 11-бабының 4- тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз