Сауд Арабиясы ваххабизмнен бас тарта ма?

0
116

Сауд Арабиясының астанасы әлемге ашық түрде Исламды қалыпты етуге ниетті екенін жариялады, деп хабарлайды euronews.

Бүгінгі таңда Сауд Арабиясы қоғамында исламның ултра консерватив ағымы ваххабизмнің рөлі ерекше, халықтың тұрмысы шариғат заңдарына бейімделген.

Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мухаммед бен Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Корольдіктің астанасы Эр-Риядта ашылған шетелдік инвесторлар үшін өткізілген форумда «Сауд Арабия халқының 70%-дан астам тұрғындарының жасы әлі отызға толмаған. Тағы 30 жылымызды экстремистік идеялардың кесірінен жоғалтып алғымыз келмейді. Сол себепті біз оны (экстремистік идеяны) бүгін жоямыз», деп мәлімдеді.

32 жастағы тақ мұрагері Мухаммед бен Сальман Аль Сауд «Көрініс-2030» деп аталатын экономикалық реформалардың өршіл бағдарламасының авторы болды. Үш күндік форумның ашылу салтанатында Сауд Арабиясы 500 миллиард доллар тұратын «Neom» мегаполисін салу жоспарын ұсынды. Бұл шөл даладағы толығымен күн және жел энергиясы арқылы қамтамасыз етілетін, Азия мен Африка елдері үшін хабқа айналатын, экономикалық және индустриалды аймақ.

Жадыра Аманбайқызы

сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз