Сеулде Ким Чен Ынды өлтіру үшін арнайы күштер құрылды

0
98

Оңтүстік Корея ресми түрде Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның көзін жою үшін бюджетке ақша бөлді, деп хабарлайды vesti.ru.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, арнайы әскери бөлімдерді дайындау үшін 300 миллион доллардан астам қаражат бюджетке бөлінген. Бөлінген қаржы арнайы техниканы сатып алуға және мыңдаған жауынгерлерді дайындау мақсатында жұмсауға рұқсат етілді.

Оңтүстік Корея Пхеньян тарапынан Сеулге соққы жасалған жағдайда Солтүстік Кореяның барлық жоғарғы билігін жоюға мәжбүр.

Бұл ретте Оңтүстік Корея Усама бен Ладенді жою әрекетінде пайдаланған американдық арнайы күштердің SEAL Team Alix қолданатын әдістерін пайдаланатын болады.

Оңтүстік Корея мұндай жоспарды 2019 жылға қалдырған боатын. Дегенмен, Пхеньян бірқатар табысты ядролық сынақтарды өткізгеннен кейін бұл үдерісті тездетуге шешім қабылдады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз