В.Путин президент сайлауына қатысатынын нақтылады

0
73

РФ президенті Владимир Путин 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын нақтылады, деп хабарлайды Ca news.

Кремль агенттігінің мәліметінше Путин сайлауға түсетіні туралы “Единая Россия” партиясы мен “Бүкілресейлік халықтық майдан” қозғалысының желтоқсанның екінші жартысына белгіленген съезіне дейін жариялауы мүмкін.

Заң бойынша, сайлау кампаниясын бастау туралы шешім 7-17 желтоқсан аралығында қабылдануы тиіс. Сондай-ақ, Путин сайлауға түсетіні жайлы қаңтардың басында хабарлайды деген мәлімет бар.

13 қарашада Кремльде Путиннің Федералдық кеңеске жолдауын желтоқсаннан ақпанға ауыстыру жайын талқылап жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Десек те Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты растап, не болмаса жоққа шығармады.

Ресей президент сайлауы 2018 жылы наурыз айында өтеді. Президент сайлауына түсетіні туралы бұған дейін оппозициялық саясаткер Алексей Навальный, Ресей либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский, “Яблоко” партиясын құрған Григорий Явлинский мәлімдеген болатын.

Сонымен қоса өзін «барша кандидатқа қарсы кандидат» деп атаған Ксения Собчак сайлауға қатысатыны туралы мәлімдеген.

Владимир Путин кезекті рет президент сайлауына түсетінін әзірге жария еткен жоқ.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз