Владимир Путин Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің жоғары екенін атап өтті

0
62
ашық дереккөзден алынды

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты екі ел арасындағы демократиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтап, стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейде екенін атап өтті. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

«Өткен ширек ғасырда Ресей мен Қазақстан халықтарының достық және өзара құрмет дәстүрлеріне сүйене отырып, біз екіжақты қарым-қатынастарды стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жоғары деңгейіне жеткізе алдық», – деп мәлімделеді құттықтау хабарламасында.

Ресей Федерациясының Президенті қос елдің сауда-экономикалық, ғылыми, техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда саяси диалогының және жемісті ынтымақтастығының қарқынды дамығанын атап өтті.

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде біздің елдеріміздің күш-жігерін үйлестіру өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді», – дейді Путин.

Путин халықаралық мәселелерді шешуде екі елдің одан әрі сындарлы өзара әрекеттесуіне сенім білдірді және Қазақстан Президентіне зор денсаулық пен  табысқа жетуіне тілектестігін білдірді.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз