Бюджеттік шығындарды оңтайландыру қажет – Тоқаев

0
124
Ақорда

19 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смаиловты қабылдады.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысына қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер, соның ішінде бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Ә.Смайылов мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз