АҚШ Сауд Арабиясының серіктесі болып қалады

0
101
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Жымысқы операциялар – Хашыкжының өліміне кім кінәлі?

Америка Құрама Штаттары саудиялық оппозициялық журналист Жамал Хашыкжының өліміне қарамастан, сенімді серіктес болып қалу ниетін көздейді. Бұл турасында АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінде хабарланады.

“Біздің барлау қызметі бар мәліметтердің сараптауда (журналистің өліміне қатысты-ред), дегенмен, мұрагер ханзаданың бұл қайғылы жағдай туралы білуі де, білмеуі де ықтимал “, – дейді Трамп.

Ақ үй басшысы сондай-ақ, Эр-Риядпен әскери келісімшарттың өз күшін жоймайтынын алға тартты. “Егер біз еш бағамдамастан, аталған шарттарды жоятын болсақ, бұл Ресей мен Қытайға үлкен пайда әкеледі, олар болса,жаңа нарыққа құлшына кіріседі”, – дейді Трамп. Бұдан өзге АҚШ басшысы “Құрама Штаттардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін” Сауд Арабиясына қарсы Конгресс ұсынған шараларды да қарайтынын атап өтті.


АҚШ-та тұрған 59 жастағы Washington Post басылымының сарапшысы Жамал Хашыкжы 2 қазанда қалыңдығымен некеге тұру үшін бірқатар құжаттарды реттеу мақсатымен Сауд Арабиясының Түркиядағы елшілігіне бас сұққаннан кейін жоғалып кетті. Ал 19 қазанда Сауд Арабиясы журналистің қасақана өлтірілгенін мойындады. Ресми Эр-Рияд берген ақпарға сәйкес, елшілікте “төбелес” болып, салдарынан Хашыкжы қаза тапқан. Алайда бұған дейін түрік және АҚШ басылымдары Хашыкжы қасақана өлтірілді деген ақпар таратқан еді. Кеше ғана БАҚ-та тараған ақпарға сәйкес, журналистің өлтірілуі Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманды тақтан тайдыруы әбден ықтимал.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз