10 қаңтарда өткен парламент сайлауында экзитпол нәтижесі бойынша ең аз дауыс жинаған ADAL партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали “Нұр Отан” партиясын жеңісімен құттықтады.
Серік Сұлтанғали партия құрамының басым бөлігі жастар екенін, жұмысын әрі қарай жалғастыра беретінін атап өтті.
Сайлауда сауалнама жүргізуге құқылы “Қоғамдық пікір” зерттеу институтының есебінше, парламентке “Нұр Отан”, “Ақ жол” және “Қазақстанның халық партиясы” (бұрынғы Қазақстанның коммунистік халық партиясы) өткен.
- “Нұр Отан” – 71,97 пайыз;
- “Ақ жол” – 10,18 пайыз;
- Қазақстанның халық партиясы – 9,03 пайыз;
- “Ауыл” – 5,75 пайыз;
- ADAL – 3,07 пайыз.