Алматы қаласының ҰҚК департаментінің басшысы тағайындалды

0
472
Марат Ирменов. Photo: Khabar/Video screen

Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы қызметіне Марат Ирменов тағайындалды. Бұл ақпаратты ҰҚК баспасөз қызметі растады.

Марат Ирменов Қордайдағы ұлтаралық жанжалдан кейін 2020 жылдың ақпанында Жамбыл облысы ҰҚК департаменті басшысы болып тағайындалған. Ол 2016 жылы Ақтөбеде теракт болған кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің жетекшісі лауазымына келген еді.

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз