Amanat партиясы президент сайлауына Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

0
221
Amanat партиясының мүшелері. Photo: AmanatPartiyasy

6 қазанда билік партиясы Amanat-тың кезектен тыс өтіп жатқан сьезінде партия төрағасы Ерлан Қошанов алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

“Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді тұлға керек. Біз өткенге кері қайтпауымыз керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұрған ұлы мақсат-мұраттарға қол жеткізу үшін бізге лайықты көшбасшы керек. Сондықтан, Президенттікке үміткер ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынамын!”, – деді Қошанов. 

5 қазанда Павлодар облысы жұртымен кездескен президент Қасым-Жомарт Тоқаев “белгілі бір ұйым” емес, “қоғамдық-саяси күштер коалициясы” атынан сайлауға қатысатынын мәлімдеген еді. Ол “әртүрлі республикалық бірлестіктер мен партиялардан үміткер болу туралы ұсыныстар” түсіп жатқанын алға тартып, бірақ нақты ұйымнан сайлауға түсуді жөн көрмейтінін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз