Қаржы министрі лауазымы кімге бұйырады

0
74
дереккөзден

Сарапшылар қаржы министрі лауазымы кімге бұйыратынына қатысты өз нұсқаларын ұсынды.

Ұлттық банк төрағасы Д. Ақышев пен премьер-министр Б. Сағынтаев қаржы министріне үміткерлерді таңдауда ортақ шешімге келе алмай жатыр деген болжамдар да жоқ емес, деп хабарлайды “31 арна”.

Саясаттанушы Д. Сәтпаевтың пікірінше, қазір аталған лауазымға Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың ұстанымы басым. “Ұлттық банк пен қаржы министрлігі бір-бірімен өте тығыз байланыста екенін ескеру керек. Сағынтаев әлбетте жұмыс істеуге мейлінше ыңғайлы қаржы министрі болғанына қызығушылық танытады. Кейбіреулер аталған лауазымға өз адамдарын ұсынғылары келеді, бірақ ол Сағынтаевқа ұнамауы мүмкін “, – деген саясаттанушы мұнда түрлі тұлғалардың қызығушылығы барын алға тартады.

Сарапшылар қаржы министріне үш үміткерді ұсынады. Бұлар – Қазақстан президентінің көмекшісі Әлихан Смаилов, қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Бауыржан Төртаев және “Қазақстан даму банкінің” басқарма төрағасы Болат Жәмішев.

Ал қаржы бойыншай кеңесші Расул Рысмамбетов бұл лауазымға кәсіпкер әйел келеді деген пікірде. “Гендерлік тепе-теңдікті сақтау үшін қаржы министрі лауазымына мен әйел адамды ұсынар едім. Бәріміз білетіндей, мүмкін әйел адамдар бюджетке жақсы қарайтын шығар “, – дейді кеңесші.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз