Асқар Мамин Дмитрий Медведевпен кездесті

0
77
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев. Сурет: primeminister.kz

25 сәуірде Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізді. Бұл туралы премьер-министр сайты хабарлады. 

Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Атап айтқанда, сауда-экономикалық саладағы, инвестициялық ынтымақтастықтағы, өнеркәсіптік кооперациядағы, көлік-транзит саласындағы, ғарыш қызметіндегі өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және арттыру, шекара маңы ынтымақтастығын және аймақаралық байланыстарды дамыту мәселелері қаралды.

“Екі ел арасындағы ашық сенімді қатынастар ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ Президенті Владимир  Путиннің стратегиялық бағдарына сүйене отырып, барлық салада қарқынды дамып келеді”, – деді ҚР премьер-министрі.

Асқар Мамин “ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге жуырдағы ресми сапары және жоғары деңгейде өткен келіссөздер екі елдің стратегиялық өзара іс-қимылының одан әрі дамуына қосымша серпін бергенін” айтып, “бірлескен белсенді жұмысқа бағытталған, қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызын, бүгінгі кездесудің аталған уағдаластықтарды іске асырудың тәжірибелік қадамдарын талқылаудың жақсы мүмкіндігі” екенін жеткізді.

РФ Үкіметінің төрағасы Д. Медведев ҚР премьер-министрінің Мәскеуге сапарының бірқатар стратегиялық міндеттерді талқылап, шешудегі, тек екіжақты форматта емес, сондай-ақ ЕАЭО аясында күн тәртібінде тұрған ауқымды бағдарламаларды іске асырудағы маңызын атап өтті. “Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктесі”, – деген Аасқар Мамин, “сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынын сақтау үшін жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің номенклатурасын кеңейтіп, екі мемлекеттің іскерлік орталары арасында тікелей байланыстарды орнатып, үшінші елдердің нарықтарына тауарларды ілгерілету бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажет” екенін айтты.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз