Астана процесі аясында келіссөздер басталды

0
94

Астанада кепілгер елдер делегация мүшелерінің қатысуымен Сирия бойынша Астана процесінің екіжақты және үшжақты келіссөздері басталды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлайды.

Келіссөздер жабық режимде өтуде.

Қазақстан астанасына сондай-ақ Башар Джаафари бастаған Сирия Үкіметі делегациясы мен БҰҰ делегациясы келді.

Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Стаффан де Мистура Астанаға бүгін күндіз жетеді.

Сирия оппозициясы 15 мамырға қараған түні келеді деп күтілуде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз